ГлавнаяИсполнителиЖігер АуыпбаевЖылайды жүрек
название:

Жылайды жүрек


автор:

Жігер Ауыпбаев


рейтинг: ★★★★★ / 4.8 / 795 просмотров
Жылайды жүрек
(Болатбек Оразбаев, Жiгер Ауыпбаев)

1.Шат көңiл қайда? Тәттi өмiр қайда?
Бiз екеумiз бiр кешкен,
Пәк қалпың қайда? Мақпал түн қайда?
Үнсiз ғана тiлдескен.
Тағатсыз күттiм, Таусылып бiттiм,
Үмiтiмдi үзбестен.
Қайта оралмадың, Аңсар арманым,
Шығардың ба мүлде естен?!

Қ-сы:
Жылайды жүрек жылайды-ай
Жаныңның сырын ұға алмай.
Қираған сезiм айнасы
Қинайды қайта құралмай.
Жылайды жүрек жылайды-ай
Адастым сенен бұл қалай?!
Сен жасы болсаң көзiмнiң
Өтер ем мәңгi жыламай.

2.Көңілім күмән, Өмірім тұман
Еске түссе елесін,
Қылықтым күнім, Үміттің жібін 
Үзбей түске енесін.
Iздеп ізгілік, Бірге жүздіріп 
Арманның ақ кемесін.
Сезім бағына, Менің жаныма
Айтшы қашан келесің?!

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Жылайды жүрек" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен