ГлавнаяИсполнителиНеизвестенБаспадым жардың шетін құлай ма деп
название:

Баспадым жардың шетін құлай ма деп


автор:

Неизвестен


рейтинг: ★★★★★ / 4.6 / 612 просмотров
Баспадым жардың шетін құлай ма деп,
Ішпедім арықтан су лай ма деп.
Қорқамын дос болудан жаманмен,
Тар жерде ертоқымын сұрай ма деп

Қайырмасы:
Қыздар - бұлбұл, жігіт - дүлдүл
Өтіп барады, өмір құрғыр
Ахау арман, дүние жалған
Хәләуләйлім, хәләуләйлім

Жақсылар «жақсымын» деп айта алмайды,
Жамандар «жақсымын» деп айқайлайды,
Жүрген соң бауырыңды күнде көріп,
Таулардың биіктігі байқалмайды!

Қайырмасы:

Өмірден мұңалмассың мендігіңнен,
Атыңды байлармысың белдігінен.
Аяқта аяқ киім тар болса егер,
Не пайда дүниенің кеңдігінен

Қайырмасы:

Ағаштың көзі қара көміріндей,
Мылтықтың бойы түзу теміріндей.
Өткізген жақсыменен жарты сағат,
Жаманның өтіп кеткен өміріндей

Қайырмасы:

Жолықсаң біздің жақтың тентегіне
Өмірдің өкінбейді-ау келтеңіне
Үйдегі жалғыз атын сойып беріп
Жүгені ұстап қалады-ау ертеңіне

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Баспадым жардың шетін құлай ма деп" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен