ГлавнаяИсполнителиНурлан ОнербаевЖапырак жайган байтерек
название:

Жапырак жайган байтерек


автор:

Нурлан Онербаев


рейтинг: ★★★★★ / 5.5 / 1477 просмотров
Жапырағын жайған бәйтерек
Тереңге тартқан тамырын
Сезбеппін әке ертерек
Жаныңның ыстық жалынын

Қайырмасы:
Ахоу, ахоу,
Ахоу, әке арманы-ай

Ертеңім үшін көз ілмей
Атқыздың қайта таңымды
Түсінер кім бар өзіңдей
Сағыныш толы жанымды

Қайырмасы

Шапағат нәрін жиыпсың
Көңілге қуат беретін
Жолыма менің қиыпсың
Бақытты өзің көретін

Қайырмасы

Мейірім шашқан жүзіңнен
Өмірдің іліп көремін
Әкелік асыл сөзіңмен
Жолымды тауып келемін

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Жапырак жайган байтерек" ?
user_15280 30 апр 18:50
Оте керемет жане шынайы жазылган ан.
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен