ГлавнаяИсполнителиМ.ШахановТуған күн кешінде
название:

Туған күн кешінде


автор:

М.Шаханов


рейтинг: ★★★★★ / 5.5 / 1455 просмотров
Тойыңа гүл алып
Келіп ем қуанып
Қарсы алдың күлімдеп, көктемдей
Жүзіңе нұр толып
Кетіпсің құлпырып
Бір бақыт сәулесін сепкендей

Қайырмасы:
Сен туған күн, мерекеміз
Ән бастайық, кел екеуміз
Ұмытпа сен құрбым
Есте қалсын мәңгі бұл күн

Жасқанба, жасыма
Отыршы қасыма
Басталсын бір терең әңгіме
Қолыңды бер еркем
Қуансын ел ертең
Жалғыздық жоғалсын мәңгіге

 Қайырмасы.

Көп жүрме сарылып
Жетсе де кәрілік
Қақпаңды ашпа сен уақытсыз
Жастықтың жарығын
Жүректің жалынын
Өшіріп алған жан бақытсыз

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Туған күн кешінде" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен