название:
автор:
Кім білген (2013)
автор:
Yerden
рейтинг: ★★★★★ / 5.5 / 1535 просмотров
- Текст
- Открытка с текстом
Кім білген? Әні: Ержан Серікбаев Сөзі: Нұржамал Жаңабаева Шақырған алдан ақ желкен арман, Тәтті өмір балдан, екенін жалған бір күн, Кім білген? Алдамшы – бақыт, сезімге батып, Бал дәмін татып, өтеpін уақыт бір күн, Кім білген? Самғады ақ бұлттай әнім шалқып, Ой-қиял ұшады көкте қалқып. Бал күндер әнді, сері күн сәнді, Сағынтып жанды кетерін мәңгі алыс, Кім білген? Сезімге толы махаббат жолы – Өмірдің жолы, өтерін оның бір күн, Кім білген? Самғады ақ бұлттай әнім шалқып, Ой-қиял ұшады көкте қалқып. Қайырмасы: Келші, келші, жанымда көңілімнің таппай бір емін, Өмір атты орманда адасып жүремін мен әлі. Ғайып болды көп нәрсе, Көрінбейді көзге ештеңе. Көз ұшында елестеп, Қол бұлғап кетті ақ кеме. -/-/-//-/-/- Самғады ақ бұлттай әнім шалқып, Ой-қиял ұшады көкте қалқып. Қайырмасы: Келші, келші, жанымда көңілімнің таппай бір емін, Өмір атты орманда адасып жүремін мен әлі. Ғайып болды көп нәрсе, Көрінбейді көзге ештеңе. Көз ұшында елестеп, Қол бұлғап кетті ақ кеме.
А как ты думаешь, о чем песня "Кім білген (2013)" ?