ГлавнаяИсполнителиНур МукасанМахаббат Назы
название:

Махаббат Назы


автор:

Нур Мукасан


рейтинг: ★★★★★ / 5 / 973 просмотра
Керегі қанша үлде мен маған бүлденің, 
Біреудің қайтем бетіме қарап күлгенін.
Білмеді-ау маған ынтызар болған біреулер,
Менің де қолым бір саған жетпей жүргенін.

Алаулап атқан таңдардың 
Бақыты болып самғар кім?
Өзіңе ғашық сезімді-ай 
Жаным-ау жаңа аңғардым.
Өзіңе айтар жан сырым, 
Ойлаған күнді арманым,
Жүректің ғашық сезімін 
Ән қылып саған арнадым.

Арманы болып елестің,
Өзімнен-өзім теңестім,
Шын сүйсем егер де өзіңді-ай, 
Кінәлі оған емеспін.
Жүректі жұлып алардай
Өзіңді сүйсем сенбес кім?
Сырымды айтып қалайын,
Өмірге екі келмеспін.

Көңіл ме, әлде сезім бе?
Берілген мәңгі адамға
Махаббат оты өшпейді-ай
Тіршілк мына ғаламда.
Жүректің ғашық сезімін
Қол жетпес биік арманға
Сырымды менің сезбесең,
Сыртыңнан ғашық болам да-ай.

Мөлдірей қарап көзіңе,
Аша алмай сырды өзіңе,
Ойлаумен сені аяулым
Таусылды бәлкім төзім де-ей.
Жырменен айтқан шумақтап,
Түсінші жаным сөзіме.
Қолымнан келген бақытты 
Сыйладым, жаным, өзіңе-ей.

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Махаббат Назы" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен