ГлавнаяИсполнителиИндира Расылхан[Жас қайың]
название:

[Жас қайың]


автор:

Индира Расылхан


рейтинг: ★★★★★ / 5.6 / 1580 просмотров
Жапырақ жүрек жас қайың
Жанымды айырбастайын
Сен адам бола бастасаң
Мен кайың бола бастайын
Келісемісің жас қайың
Көрінер мүмкін кімге ерсі
Өміріңді маған бір берші
Дүрбелең мына дүниені 
Қайың көзімен бір көрші
Қайың боп мен де бағайын
Орманнан орным табайын
Беймәлім маған өмірге 
Қайың көзіммен қарайын
Сендағы жерден нәр алдың 
Мендағы жерден нәр алдым
Біреуден сен де жаралдың
Біреуден мен де жаралдым
Тілі жоқ жансыз қайыңсың
Айырмашылығым адаммын
Сондықтан ұзақ жасарсың
Құрдасы келер заманның
Мендегі бары бір жүрек 
Ол өлсе мәңгі кеткенім
Сендегі сенсе мың жүрек 
Келгенде жасыл көктемің
Тірілер қайта дүркіреп
Бар-жоғы менде бір жүрек 
Беріпті жүрек саған мың
Сондықтан ұзақ жасарсың
Құрдасы келер заманның
Жапырақ жүрек жас қайың
Жанымды айырбастайын
Адам боп тұрсаң қасқайып
Қайың боп тұрам қасқайып
Келісемісін жас қайың
Келісемісін жас қайың
Келісемісін жас қайың
Келісемісін жас қайың
Тәуекел айырбастайын
Өмірге өмір жалғасып
Аламыз жерге жармасып
Бірде адам бірде қайың боп
Жүрейік өмір алмасып
Тәуекел айырбастайын
Өмірге өмір жалғасып
Аламыз жерге жармасып
Бірде адам бірде қайың боп
Жүрейік өмір алмасып
Өмірге өмір жалғасып
Аламыз жерге жармасып
Бірде адам бірде қайың боп
Жүрейік өмір алмасып

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "[Жас қайың]" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен