ГлавнаяИсполнителиСаги ХаленIn da KZ club
название:

In da KZ club


автор:

Саги Хален


рейтинг: ★★★★★ / 5 / 1019 просмотров
САГИ ХАЛЕН – IN DA KZ CLUB
Шумақ 1
Қазағымның жастары бұл демалуда көзбен көр
Адам ниет болса, қане шыққын дайын төр 
Біздер бүгін таң атқанша, думандатып тойлаймыз
Клубтарға кірген жанның, қолдарында KZ мөр
Бүгін тек KZ кеші, таза қазақи әндер
Сыңғырлата жүзіктермен, сұлуларым бір сәндер
KZ кеші арналады, осы қара нұрлы көздер
Біреу тыңдап, біреу ымдап біздерді іштей күндер
Есік қақты, жүрек соғып, уштен біреулер кімдер
Қара көзді бауырларым, қанекей төрлет кіріңдер
Осы бір кеште гүлімдер, қиыла назды күлімдер
Сұлулардың ойлары шын, таң атқанша білінер
Жастар билеп қара жорға, көңіл көтер таң атқанша
Қымыз ішіп, дене қызып, тостағанды әрі жалға,
Әсем әнмен биікке самға, кеудеңде ерік, қуатың барда
Топтан қалма, өмір алда, көңіл сыйла жиылған жанға
Қайырмасы
Қазағымның жастары, Бұл
Қазақи кеш басталды, Оуу
Таң атқанша, тоқтамаймыз,
Думандатып, біз тойлаймыз
Шумақ 2
Қара көзді аруларым, таңдар жігіттің сұлтанын
Әндеріммен сұлулардың, жүректерін жаулап алдым
Болсам егер сұлуым, қалағаның, таңдағаның
Осы кеште орындалсын, сенің барлық армандарың
Бүкіл қызық тоқтамайды, бәрі енді басталады,
Шырқалады осы кеште, жалынды жастар әні
Би билейміз, ән айтамыз таза қазақи кешінде
Таң атқанша думандатып, ұяламыз біз несіне
Қазақи кеш, қазақ жастарының сәні
Қара жорға биі, жалынды жүрек әні
Біз осылай демаламыз, сенде қосыл қатарға
Сенің қандай өнерің бар көрсет бізге қане
Қайырмасы
Қазағымның жастары, Бұл
Қазақи кеш басталды, Оуу
Таң атқанша, тоқтамаймыз,
Думандатып, біз тойлаймыз

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "In da KZ club" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен