ГлавнаяИсполнителиСаги ХаленОмірде барі жаман емес
название:

Омірде барі жаман емес


автор:

Саги Хален


рейтинг: ★★★★★ / 5.1 / 1095 просмотров
САГИ ХАЛЕН – ӨМІРДЕ БӘРІ ЖАМАН ЕМЕС (feat. АЙБАР САПЫШ)
Қайырма (2 рет)
Өмірде бәрі қиын емес
Өтерің сенің талай белес,
Шуағын шашқан, өмір бір елес
Өмірде достым, бәрі жаман емес
Шумақ 1
Кей уақытта сен жалғыз, отырасың мұңайып
Бір күн өтіп жатқанда, бір ғасырдай ұлғайып
Достарың жоқ қасыңда, көтеретін көңілді
Жалғыздықтың жан сыры, жаңбырдай боп төгілді
Автобусқа отырып, орталыққа барасың
Жалғыз болып қалған соң, көңілсіз сен тұрасың
Еске түсіп өткенің, бақытты өмір сүргенің
Достарыңмен қыдырып, осы жерде жүргенің
Сол кездегі күндерің, түс секілді болады
Жақсы түстің бәрі де, есте мәңгі қалады
Бір күндік бұл өмірің, оралмастай кетеді
Сенің мұңлы көңілің, ғайып болып кетеді
Қайырма
Өмірде бәрі қиын емес
Өтерің сенің талай белес,
Шуағын шашқан, өмір бір елес
Өмірде достым, бәрі жаман емес
Шумақ 2
Кейде отырып ойлайсың, жалғыз қалған кезіңде
Жақын адамдарың, қасыңда болмаған кездерде
Мұның бәрі не керек, деп алладан сұрайсың
Мұның бізге салған сынақ екенін сен ойламайсың
Өмір жолы қиын, бірде жақсы бірде жаман
Маған керек жол қайсы, мен оны қайдан табам
Тіптен мейлі қателіктер жасадым, мүмкін талай
Сол қатеден үйренеміз, жасамауға әрі қарай
Кейде менде отырамын, жалғыз өзім мұңайып
Уақыт тоқтап қалғандай бір ғасырға ұлғайып
Көз жасы да келеді, бәрін қайта бастағым келеді
Бірақ сол жанды көргенде, көңіл жайнап кетеді
Қол ұшыңды бере біл, жақын адамдарға
Әрқашанда сене біл, жарқын болашағыңа
Ешқашанда сен өкінбе, жасаған істеріңе
Сәл өкінішсіз, өмір сүремін де!
Қайырма (2 рет)
Өмірде бәрі қиын емес
Өтерің сенің талай белес,
Шуағын шашқан, өмір бір елес
Өмірде достым, бәрі жаман емес

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Омірде барі жаман емес" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен