ГлавнаяИсполнителиБақыт Шадаева, Айгүл Иманбаева,Сағым жылдар
название:

Сағым жылдар


автор:

Бақыт Шадаева, Айгүл Иманбаева,


рейтинг: ★★★★★ / 5.1 / 1101 просмотр
Сағындым сағым уақыт
Табатын жаным бақыт
Балалық ұяның
Қарлығаш қиялың
Еске алып тербелемін
Жұлдызын көгімнің
Бақытын өмірдің
Аңсаумен мен келемін

Сағыныш-ай, сағыныш-ай
Сен де бір арман
Сен де бір жалған
Сағыныш-ай, сағыныш-ай!
Сенімен бірге
Толқиды жаным менің

Сағындым сағым жылдар
Өттің-ау ағып, жылдар
Баладай алаңсыз
Баянды, баянсыз
Тағдырға бағынумен
Оралып келе алмай
Достарды көре алмай
Күн кештім сағынумен

Сағыныш-ай, сағыныш-ай
Сен де бір арман
Сен де бір жалған
Сағыныш-ай, сағыныш-ай!
Сенімен бірге
Толқиды жаным менің 

Сағындым сағым күндер,
Сағынсам, жаным гұлдер
Өмірдің көшінен
Мен, бәлкім, кешігем,
Сағынып кеш қалармын.
Балалық көктемім,
Қамығып өткенін,
Аңсаумен еске аламын...

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Сағым жылдар" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен