ГлавнаяИсполнителиРИНГОТолгау
название:

Толгау


автор:

РИНГО


рейтинг: ★★★★★ / 5.5 / 1491 просмотр
Арманада арман арман жұрт
Алланың нұры тамған жұрт
Сабира сағым көшкен жұрт
40 тың бірі конған жұрт
Отырар болып корганып
Түркістан болып қомданып
Алтындай қымбат аймаққа
Алтын орда боп орнадық
Ұлы жүз болып қауғалып
Ұлы бір өрттей қауладық
Орта жүз болып қалалап
Ел намысын дауладық
Кіші жүз болып күрестік
Табансызбен тірестік
Киелі байрақ қаға алып
Ел бірлігін сомдадық

Көк түрік болып жұмылып
Көк бөрі болып ұлыдық
Көк жүзі нұрлы сәуле боп
Көк тасқа құйды жылылық
Күлтеггін болып көз жұмып
Көкті боп қайта тіріліп
Көк алмас қылыш жүзіндей
Жарқырай беру ұлылық

Қабанбай болып ақырып
Абылайлап аруақ шақырып
Бөгенбай болып шүйлікті
Жанардан жалын атылып

Райымбек болып айбат қып
Қарасай болып қайрат қып
Махамбеттей жыр менен
Сенімен жауды жайраттық

Таптатып жерге ізгарды
Жүрегіміз сызданды
Жалындап жатқан қазақпыз
Желтоқсандағы ызғарды

Бүгінгі жайды тыңдасақ
Бақытты елім зор қандай
Ғұмырың мәңгі жалғаса
Жолыңды Алла оңғарсын

2
Көк түрік болып жұмылып
Көк бөрі болып ұлыдық
Көк жүзі нұрлы сәуле боп
Көк тасқа құйды жылылық
Күлтеггін болып көз жұмып
Көкті боп қайта тіріліп
Көк алмас қылыш жүзіндей
Жарқырай беру ұлылық

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Толгау" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен