ГлавнаяИсполнителиЕркін Мәулен ж/е Маржан АрапбаеваГүлсезім
название:

Гүлсезім


автор:

Еркін Мәулен ж/е Маржан Арапбаева


рейтинг: ★★★★★ / 5 / 981 просмотр
Өмірде тағдыр айдап
Кездестім өзіңменен
Кезім бұл бал-бұл жайнап
Қайғы-мұң сезілмеген

Тұңғиық көзіңдегі
Бөлендім шапағатқа
Бұл нәзік сезім бе еді
Бұл әлде махаббат па?

Көңілдің алып ұшқан
Шаттығын жасыра алмай
Жандардай сағынысқан
Жалындап басыла алмай

Келеді құшақтағым
Келеді еркелегім
Ешкімге ұқсатпадым
Не деген көркем едің?

Бейнеңе елжіреген
Тым ұзақ жаутаңдадым
Жанымның мөлдіреген
Сырларын айта алмадым

Тұңғиық көзіңдегі
Бөлендім шапағатқа
Бұл нәзік сезім бе еді
Бұл әлде махаббат па?

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Гүлсезім" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен