ГлавнаяИсполнителиКеш юМахаббат
название:

Махаббат


автор:

Кеш ю


рейтинг: ★★★★★ / 5.1 / 1128 просмотров
Өмірде білмес ешбір жан жұмбақ сырын
Көңілмен үндес шырқайтын бақыт жырын
Бар адам армандап тілеп қалаған
Төгетін бір ғажап нұрын
Бағынып көнбес әркімнің жетпес қолы
Бір жанса сөнбес бұралар тылсым жолы
Сағым ба жоқ әлде алау жалын ба
Біз оны анық білмейміз оны....

 Махаббат деген көңіл нәрі
 Махаббат деген өмір мәні
 Махаббат деген сезін жаныңменен
 Сезім жырлайды ол жүрек сөзі
 Махаббат деген ғұмыр теңіз
 Махаббат деген ол бір теңіз
 Махаббат деген сезін жаныңменен
 Сезім жырлайды ол жүрек сөзі

Жолыңа жарық беретін шамдай жанған
Сегіз ақ әріп сыйғызған сансыз арман
Табам деп құс болып ұшып барам деп
Талайдың қанаты талған
Сезбейсің өзің кезінде ғашық болғам
Таусылып төзім қаншама гүлдер солған
Таңымда сені кездестірген шағымда
Шығарма бақытты қолдан

 Махаббат деген көңіл нәрі
 Махаббат деген өмір мәні
 Махаббат деген сезін жаныңменен
 Сезім жырлайды ол жүрек сөзі
 Махаббат деген ғұмыр теңіз
 Махаббат деген ол бір теңіз
 Махаббат деген сезін жаныңменен
 Сезім жырлайды ол жүрек сөзі

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Махаббат" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен