ГлавнаяИсполнителиШәмші Қалдаяқов (Кайрат Тунтеков)Бақыт құшағында
название:

Бақыт құшағында


автор:

Шәмші Қалдаяқов (Кайрат Тунтеков)


рейтинг: ★★★★★ / 5 / 1023 просмотра
Көзіңнен бір ұшқын
Ұшты ма білмедім
Әйтеуір нұр құштым
Әйтеуір гүлдедім
Көктемнің бұлбұлы
Кеудеме қонады
Құшаққа қыр гүлі
Толғандай болады

Кел билейік, кетпе менің қасымнан
Қызғалдағым таң нұрымен ашылған
Сезім шіркін ақ жаңбырға ұқсайды
Алматыда жаңа жауып, жаңа жауып басылған

Әнбісің төгілген
Жырмысың армандай
Бір бақыт көрінген
Жақындап қалғандай
Жанарың ұшқыны
Жүректе жанады
Қолыңның ыстығы
Қолымда қалады

Кел билейік, кетпе менің қасымнан
Қызғалдағым таң нұрымен ашылған
Сезім шіркін ақ жаңбырға ұқсайды
Алматыда жаңа жауып, жаңа жауып басылған

Бір нәзік шуақпын
Жаныңа үнілген
Мен бүгін бұлақпын
Ілгері жүгірген
Сүйемін мен күнді
Көңілді жалынды
Сен биле еркімді
Әлдиле жанымды

Кел билейік, кетпе менің қасымнан
Қызғалдағым таң нұрымен ашылған
Сезім шіркін ақ жаңбырға ұқсайды
Алматыда жаңа жауып, жаңа жауып басылған

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Бақыт құшағында" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен