ГлавнаяИсполнителиМейрамбек БесбаевБала ғашык
название:

Бала ғашык


автор:

Мейрамбек Бесбаев


рейтинг: ★★★★★ / 5.4 / 1430 просмотров
Бала ғашық
1. Көңілде ән, көгімдегі күн көруші ем,
Барғанда маған ылғи гүл беруші ең.
Жалт етіп жай отындай көкжиектен
Әттең-ай, маған енді бір көрінсең!

2.Кетер ем бұлтпен бірге араласып,
Көрер ем найзағаймен жағаласаып.
Артыңнан ақша бұлт боп жүзер едім,
Көзіме бір көрінсең бала ғашық.

3.Сандал тау, сайдан соққан самалым-ай!
Ой-санам құлайды кеп саған ұдай.
Әлдеқандай күн кешіп жүр екенсің,
Сүттен ақ, судан таза, адалым-ай!

4.Сап-сары сағынышпен жағаласып,
Жастық өмір басымнан барады асып.
Көзіме бір көрінші, тынайын мен,
Қайдасың, қайдасың сен, бала ғашық?!

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Бала ғашык" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен