название:
автор:
Домбыра туралы баллада
автор:
Молдир Ауелбекова
рейтинг: ★★★★★ / 5.4 / 1374 просмотра
- Текст
- Открытка с текстом
Күй ойнайды қазағымның қанында, Күй ойнайды қазағымның жанында. Жүрегінің, жүрегінің, жүрегінің дүрсілі – Күмбірлеген домбырасы барында. Бабамыздың мұңысың сен, домбыра, Анамыздың сырысың сен, домбыра. Қазағымның жүрегінен жаралған, Даламыздың үнісің сен, домбыра! Домбыра бұл, үнсіз қалып көрмеген, Қуаныш та, қайғы-мұң да кернеген. Үзіледі, үзіледі, үзіледі әуендер, Ғашықтардың көз жасындай пернеден. Бабамыздың мұңысың сен, домбыра, Анамыздың сырысың сен, домбыра. Қазағымның жүрегінен жаралған, Даламыздың үнісің сен, домбыра! Домбырадай шежіре жыр болмаған, Даламыздың тағдырларын толғаған. Армандарын, армандарын, армандарын халқымның, Аманат қып ұрпағына жолдаған. Бабамыздың мұңысың сен, домбыра, Анамыздың сырысың сен, домбыра. Қазағымның жүрегінен жаралған, Даламыздың үнісің сен, домбыра!
А как ты думаешь, о чем песня "Домбыра туралы баллада" ?