ГлавнаяИсполнителиНарын триосыАқ ерке - Ақ жайық
название:

Ақ ерке - Ақ жайық


автор:

Нарын триосы


рейтинг: ★★★★★ / 4.8 / 792 просмотра
Арманым саған ауған
Самал соқса жағалаудан,
Жүректе тербетілген,
Ақ Жайығым,
Ақ еркем,
Аңсаған ән өлкем.
Жаным-ау дара туған,
Ағыстардан жаратылған.
Жайықтың жағалай тал
Жағасынан
Қымбаттым,
Сен маған тіл қаттың.

Өзіңсің, жаным,
Жаңғыртқан әнім,
Каспийдің толқын тауларын.
Сенбісің көгілдір
Махаббатым,
Алқызыл алаулы тандарым.
Айдының шалқыған бір,
Дидарыңда толқыған нүр.
Мен сені көрдім, еркем,
Ерке теңіз,
Аспанға
Маржандар шашқанда.

Айрылмас достығыңның,
Айғағы ма қос бүрымың.
Жанымды нүрландырып,
Сенің шолпан жанарың,
Алаулап барамын.

Бір сәуле күлімдеген,
Жанарыңнан дірілдеген.
Мен сені балықшының
Арманынан,
Жан сәулем,
Іздеймін аңсаумен.

Арманым саған ауған
Самал соқса жағалаудан,
Жүректе тербетілген,
Ақ Жайығым,
Ақ еркем,
Аңсаған ән өлкем.

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Ақ ерке - Ақ жайық" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен