ГлавнаяИсполнителиТоқтар СерікКөршінің Қызы
название:

Көршінің Қызы


автор:

Тоқтар Серік


рейтинг: ★★★★★ / 4.9 / 922 просмотра
Ғашықтар халқы ұлылық күтті 
Орындалмасын кім білген 
Қағаз гүлдердің ғұмыры тіпті 
Ұзақтау екен шын гүлден

Қайырмасы: 
Көршінің қызы керемет еді 
Әкесі де оның жақсы адам 
Ауылдан біздің неге кетеді 
Ауа-райы ма жақпаған 2

Ол қызға берер антым да дайын 
Сағына білдім әр тәулік 
Алты құрлыққа атыңды айтамын 
Әліппедегі алты әріп

Қайырмасы

Ештеңе етпес кідіріп кетсе 
Уақытың ұзақ көршіңнен 
Естелік үшін бір гүлін берсе 
Ажалдың өзі кешігер

Қайырмасы - - - -

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Көршінің Қызы" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен