ГлавнаяИсполнителиГаухар АлимбековаТаңғы сыр
название:

Таңғы сыр


автор:

Гаухар Алимбекова


рейтинг: ★★★★★ / 4.7 / 748 просмотров
ТАҢҒЫ СЫР

Әні: Гауһар Әлімбекова.
Өлеңі: Есей Жеңісұлы.

1. Таң едi жарық, нұрлы,
Аппақ қар жауып тұрды.
Жай басып келе жаттың күлiп.
Бiр сезiм өптi менi,
Кеудемдi тепкiледi,
Жанымды кернеп ақты үмiт.

Қайырмасы:

Сырымды ақтарамын,
Сенсiң ғой, сенсің ғой тапқан әнiм –
Ақ таңда ақша қарға 
Шомылған ақ маралым. 

2. Көрдiң де, баяуладың,
Қасыма аялдадың,
Жүзiңе аппақ арай тұнып.
Бiр ортақ ән ұштасып,
Екеумiз қол ұстасып,
Бiз кеттiк баққа қарай жүрiп.

3. Әлi де, бiлесiң бе,
Сол бiр шақ жүр есiмде.
Дариға күндер едi тұнық.
Жаным-ау мөлдiр көздi,
Ұмытпа сол бiр кездi,
Сол нұрмен күнде менi жылыт.

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Таңғы сыр" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен