ГлавнаяИсполнителиГаухар АлимбековаҚош махаббат
название:

Қош махаббат


автор:

Гаухар Алимбекова


рейтинг: ★★★★★ / 4.9 / 915 просмотров
ҚОШ, МАХАББАТ

Әнi: Гауһар Әлiмбекова.
Өлеңi: Қасымхан Бегманов.

1. Қиялдадым, армандадым, арыдым.
Қай қиырда жүр екенсiң, жарығым.
Түнiменен күзетушi ем мұңайып,
Терезеңнiң сөнбейтұғын жарығын.

2. Қай қиырда жүр екенсiң, ардақтым.
Қаншама жыл өзiмдi-өзiм алдаппын.
Боталатты көздерiмдi көктемдер
Сыздатқалы жүрегiмдi сартап мұң.

3. Қажыдым мен, бұл қажуда шырын бар.
О, махаббат, жүрегiмдi ал, жырымды ал!
Жалт ете қап, жоқ боп кеткен он сегiз,
Өзiңе әлi айтылмаған сырым бар,
Жалт ете қап, жоқ боп кеткен он сегiз,
Жанарымда мөлдiр шық боп тұрыңдар!

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Қош махаббат" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен