ГлавнаяИсполнителиГаухар АлимбековаСол бір жанға
название:

Сол бір жанға


автор:

Гаухар Алимбекова


рейтинг: ★★★★★ / 5.5 / 1469 просмотров
СОЛ БIР ЖАНҒА

Әнi: Гауһар Әлiмбекова.
Өлеңi: Исраил Сапарбай.

Бiлмеймiн, халiм қандай, күйiм қандай,
Жылы нұр ыстық қанға құйылғандай.
Жерде ме, ғайыпта ма, бiр перiште,
Қымсынып, маған қарап қиылғандай.

Қайырмасы:

Қайтейiн қапелiмде күйiп-жанбай,
Кеудемдi кеулеген бiр құйын бардай.
Жанымның жалауындай сол бiр жанға
Қолымның жетпегенi қиын қандай!

Қиылып қарай берсе, жиi ұрланбай,
Жаныма жақын келiп, қиыр қонбай.
Күйген жан тамұғына өзiн тастап,
Сүйген жан тәңiрiне сыйынғандай.

Қайырмасы.

Бiлмеймiн, халiм қандай, күйiм қандай,
Жүрегiм жүрдек соғып, жиi ұрғандай.
Басқаға арман болған бар сұлулық
Басына бiр адамның жиылғандай.

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Сол бір жанға" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен