ГлавнаяИсполнителиГаухар АлимбековаӘлдилесін махаббат ән-бесігін
название:

Әлдилесін махаббат ән-бесігін


автор:

Гаухар Алимбекова


рейтинг: ★★★★★ / 5.5 / 1483 просмотра
ӘЛДИЛЕСІН МАХАББАТ ӘН БЕСІГІН

Әні мен өлеңі: Гауһар Әлімбекова.

1. Махаббат оты лаулап қоя алған ба,
Шырт ұйқымнан сені іздеп оянғанда.
Сағыныштың сарқылмас сазы тербеп,
Жүргендей боласың сен таяу маңда.

Қайырмасы:

Қиялмен арманыма жүз барамын,
Сарғайған сағыныштың тыңдап әнін.
Жалғызсырап іздейді қайран жүрек,
Күтемін, жабығамын, мұңданамын.

2. Көп алданып үмітке келер деген,
Көз талдырып жолыңа елеңдеп ем.
Мағынасы өмірдің болмас, сірә,
Нұрына махаббаттың бөленбеген.

3. Өрнек салып сиқырлы көл бетіне,
Мамырлайды қос аққу тербетіле.
Махаббат ән бесігін әлдилесін,
Сөнбейтін сезім төгіп жер бетіне!

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Әлдилесін махаббат ән-бесігін" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен