ГлавнаяИсполнителиГаухар АлимбековаКөктемге хат
название:

Көктемге хат


автор:

Гаухар Алимбекова


рейтинг: ★★★★★ / 5.1 / 1068 просмотров
КӨКТЕМГЕ ХАТ

Әні: Гауһар Әлімбекова.
Өлеңі: Қасымхан Бегманов.

Махаббатқа куә болған тал-ау бұл,
Бәрі орнында - анау өзен, анау қыр.
Алматыға кеткенімде мұңайып,
Осы ауылда бір қыз қалған сонау жыл.

Сол көктемде шешек аттың, гүл аттың, 
Талай жерде қызғаныштан жылаттың. 
Сенің ойлы көздеріңе ғашық боп,
Сенің аппақ көйлегіңді ұнаттым.

Қайырмасы:

Неге, жаным, неге, қымбаттым,
Нәзік жүрек әлі іздейді өзіңді?
Қалай ғана, әнім, сымбаттым,
Ерте ұмыттың сонау мөлдір кезіңді?

2. Сағынышым бой бермейді, жеңді, аға,
Сондағыдай толқымайды кең дала.
Мен де оралдым, ол да оралды, оралдық,
Оралмаған туған жерге сен ғана.

Жағасында көк бұлақтың, көк тастың,
Қыста дауыл, күзде жаңбыр жоқтассын.
Бұл өмірде бір-ақ рет берілер
Мен осылай махаббатпен қоштастым.

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Көктемге хат" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен