ГлавнаяИсполнителиНеизвестенАРМАННЫҢ БӘРI ТӘТТI АЛҒАШЫНДА
название:

АРМАННЫҢ БӘРI ТӘТТI АЛҒАШЫНДА


автор:

Неизвестен


рейтинг: ★★★★★ / 5 / 975 просмотров
АРМАННЫҢ БӘРI ТӘТТI АЛҒАШЫНДА

Әнi: Гауһар Әлiмбекова.
Өлеңi: Бекжан Әшiрбаев.

Сараңдау күлкiмдi ұрлап арзан ұғым,
Сағыныш жүрегiме салды әжiмiн.
Атаусыз қалып қойған мерекедей,
Алдыңда болды неге аз қадiрiм?

Қайырмасы:

Өтсе де тойсыз күндер алға асыға,
Берiлмес қыз жүрегi жалға, сiрә.
Кош, ендi, көңiлiмнiң ерке құсы,

Арманның бәрi тәттi алғашында!
Жаныма жұлдыз аққан түн ұнайды,
Алмады-ау үмiтiмнiң бiрi бәйгi.
Отансыз қалғаныңдай күй кештiрер
Тонатқан сезiмiңдi ұлы қайғы.

Қайырмасы.

Қозғалған ырғағында баппен дене,
Алыста биге барған сәттер неге?
Жоқ болсақ, ендi екеумiз жоқ шығармыз,
Өмiрде махаббат бар қайткенде де!

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "АРМАННЫҢ БӘРI ТӘТТI АЛҒАШЫНДА" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен