ГлавнаяИсполнителиГаухар АлимбековаЖазығым не?
название:

Жазығым не?


автор:

Гаухар Алимбекова


рейтинг: ★★★★★ / 4.8 / 755 просмотров
ЖАЗЫҒЫМ НЕ?

Әнi: Гауһар Әлiмбекова.
Өлеңi: Сабырхан Асанов.

1. Жазығым не, өзiңдi сүйгенiм бе?
Сүйгенiм бе, отыңа күйгенiм бе?
Жүрегiңнiң жұрт ұқпас сырын ұғып,   2 рет
Ешкiмге айтпай iшiме түйгенiм бе?

Қайырмасы:

Жазығым не, менi әлi түсiнбеймiн,
Бар ма әлде жазған бiр iсiм деймiн.
өзiң — жұмбақ, шеше алмай мен де — жұмбақ, 2 рет
өтiп жатыр бұлдырап түсiмдей күн.

2. Жазығым не, айтқанда бұлақ әнiн,
Күлгенiн айыра алмай, жылағанын.
Бар дүниенi ұмытып сенен басқа,   2 рет
Қалжырап кеп қасыңа құлағаным...

3. Күндер өтер жарқырап таң атқанда,
Бiтедi-ау бұл азапты сағаттар да.
Күнмен бiрге келер-ау қалқам менiң,    2 рет
Бiрақ соны тосуға тағат бар ма?

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Жазығым не?" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен