ГлавнаяИсполнителиСерік ҚалиевБалапан мен бала мысық
название:

Балапан мен бала мысық


автор:

Серік Қалиев


рейтинг: ★★★★★ / 5.6 / 1555 просмотров
Ақ тауықты тал түсте қара басты. 
Тәтті өмірге ащы мұң араласты. 
Балпаң-балпаң жүгірген балапанын, 
Бала мысық тасаға ала қашты. 

Басқан ізін бәлекет білдірмеді-ай, 
Балауса үміт жайқалып үлгермеді-ай, 
Бүлдіршіндей біреудің баласының 
Болашағын талқан қып бүлдіргені-ай! 

...Әсем қала, өскен көз сүйіндіріп. 
Ерте жетті көктем де биыл күліп. 
Көше бойлап келеді бір қыз бала, 
Жарты қарыс матаны киім қылып. 

Ата-анасы әлпештеп баққан шығар. 
Перзентіне пейілі мақпал шығар. 
Күнәлі істі күтпеген балапанға, 
Дүрбі салып бір мысық жатқан шығар... 

Сәл қаттылау айтайын, кешір, жігіт, 
Кеспей тұрып қолыңды кесір бүлік, 
Тез киіндір қызыңды баласынбай, 
Кетпесін десең біреу шешіндіріп!

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Балапан мен бала мысық" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен