ГлавнаяИсполнителиСерік Қалиев"Қазақтарға жеңілдік,бар"демеген Құранда
название:

"Қазақтарға жеңілдік,бар"демеген Құранда


автор:

Серік Қалиев


рейтинг: ★★★★★ / 4.8 / 835 просмотров
Деуші едік: «қазақ емес «әу!» демеген», 
Не пайда иманы жоқ дәу денеден? 
Өтпестей көрінгенмен өмір шолақ, 
Тәуірсіп жүре бермей, тәубеңе кел. 

Толмайтын құлқыныңа тығын сал да, 
Көзді арбар дүниеге сұғың салма. 
Құдайдың құрығынан құтылмайсың, 
Сандыққа алтындатқан тығылсаң да. 

Шайтандарға сенгенсің, 
Нұрдан емес, жерденсің. 
Дәурен сүру емес, сен 
Сыналуға келгенсің. 

Бір-ақ тамшы судансың, 
Судан майда будансың. 
Көну үшін тағдырға, 
Өлу үшін туғансың. 

Сауық тілеп сұранба, 
Елікпе бос ұранға. 
«Қазақтарға жеңілдік, 
бар» демеген Құранда.

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня ""Қазақтарға жеңілдік,бар"демеген Құранда" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен