ГлавнаяИсполнителиНеизвестенЖанарларың жәудіреген
название:

Жанарларың жәудіреген


автор:

Неизвестен


рейтинг: ★★★★★ / 5.4 / 1430 просмотров
Жанарларың жәудіреген,
Жүрегімді баураған.
Тау суындай мөлдіреген,
Таңғы шықтан аумаған!
Сәл ғана көрмесем,
Сөзіңе шөлдесем,
Жаным оттай лаулаған!
Қайырмасы:
Алыстама,
Сен алыстама.
Бағыңды басқаға табыстама!
Алданышым,
Менің арманымсың
Болайын әрдайым қорғанышың!.
Жанарыңда елжіреген,
Маған жұмбақ жылу бар.
Алыстама енді менен,
Менің сендей кімім бар?
Көрсем де ерте-кеш,
Жанымды өртемес,
Сенен басқа сұлулар!..

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Жанарларың жәудіреген" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен