ГлавнаяИсполнителиМеломенЖараткан Алла
название:

Жараткан Алла


автор:

Меломен


рейтинг: ★★★★★ / 4.9 / 853 просмотра
Мейірбан дана, қамқоршы дара,
Ұлылықтарын, ұғынып қара.
Сиынсаң, жалғыз Аллаға сиын,
Тілекті берер бір өзі ғана.

Қайырмасы:
Ғаламды шексіз жаратқан Алла,
Жұрт қылып бізді таратқан Алла.
Ата-анамызға мейірім беріп,
Елжіреп бізге қаратқан Алла.

Иманның дәмін көрмесең татып,
Бағалы саған гаухар мен жақұт.
Өмірдің мәні жәннатқа жету,
Мұсылман болу ең үлкен бақыт.

Қайырмасы:
Ғаламды шексіз жаратқан Алла,
Жұрт қылып бізді таратқан Алла.
Ата-анамызға мейірім беріп,
Елжіреп бізге қаратқан Алла.

Аллаға сиын, нұр берер жанға,
Алладан өзге жаратқан бар ма?

Қайырмасы:
Ғаламды шексіз жаратқан Алла,
Жұрт қылып бізді таратқан Алла.
Ата-анамызға мейірім беріп,
Елжіреп бізге қаратқан Алла.

Өмірдің мәні жәннатқа жету,
Мұсылман болу ең үлкен бақыт.

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Жараткан Алла" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен