ГлавнаяИсполнителиОскенбаев (Гаухартас)Келші, айым
название:

Келші, айым


автор:

Оскенбаев (Гаухартас)


рейтинг: ★★★★★ / 5.3 / 1258 просмотров
Көрікті көл беті
Көк елес көлбеді
Мен тұрмын жағада жабырқау
Ай нұры арайлы
Айдынға тарайды
Сүйіктім келер ме, япырмау?

Айдын көл, сен айтшы
Самал жел, сен айтшы
Жарыма құс болып ұшайын
Бір хабар берші, айым
Жақындап келші, айым
Лапылдап мәңгі құшайын

Айым боп қалқыдың
Қайың боп балқыдың
Қызықты көктемнің кешінде
Жарасты үніміз
Жарасты жырымыз
Тербелдік айдын көл төсінде

Гүлім боп аңқыдың
Нұрым боп шалқыдың
Өртеді тәнімді от лебің
Бақытты шақтарда
Жақұтты бақтарда
Өзіңмен бірге көктедім

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Келші, айым" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен