ГлавнаяИсполнителиЖігіттер тобыЖігіттерге 10 жыл [2013]
название:

Жігіттерге 10 жыл [2013]


автор:

Жігіттер тобы


рейтинг: ★★★★★ / 4.7 / 657 просмотров
Әнімізбен жанымызбен тең егіз
Қазақ халқын өте жақсы көреміз
Біздің Дос-Мұқасан
МұзАРТ Нұр-Мұқасан
Солар салған сара жолмен келеміз

Шырқалады ән-жыр
Жігіттерге он жыл
Арқа сүйер алты алашқа сенеміз

2)Әуелетіп сахнаға әндеттік
Текті жұртты ән бесікке тербеттік
Бата беріп халық
Алғыстарын алып
Еркелеуші ек алдында ер жеттік

Шырқалады ән-жыр
Жігіттерге он жыл
Қуанышты бөлісейік деп жеттік

3)Төрт екенбіз төрде тұрған төрт елміз
Көріктіміз көпшілікпен көркембіз
Алақаны алтын
Сенің арқан халқым
Тарихтарда қалып жатсақ ертең біз

Шырқалады ән-жыр
Жігіттерге он жыл
Сағыныштың сазды әуенін шертеміз
Бөлінбей бірлікпен іргеміз
Ән шырқап журеміз күнде біз
Сіздерге арналар бұл лебіз
Біздермен біргеміз

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Жігіттерге 10 жыл [2013]" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен