название:
автор:
Атыңды сенің айтамын ән қылып неге
автор:
Неизвестен
рейтинг: ★★★★★ / 5.1 / 1106 просмотров
- Текст
- Открытка с текстом
Атыңды сенің айтамын ән қылып неге, "Қозым-ау" деші күлімдеп Баяндай маған. Тірлікті мынау, жаным-ай, мәңгілік деме, Ұйықтап кетсем бір күні, оянбай қалам... Оянбай қалам, бұл - шындық, ұрыспа, қарғам, Шөлмек-тірліктің белгілі құлай сынары. Гитарамды алып елеусіз бұрышта қалған, Бауырыңа басып, егіліп жылайсың әлі. Жүректе - қайғы, баста - мұң, көңілде - қырау, Оңай ма, жаным, жаныңда қайғы ауыртқасын. Жүретін кезім бола ма өмірде мынау, Шараптан емес, шаттықтан айналып басым?! Жанардан ұштың, жасын күн - базарым едің, Ақ арман неге қол бұлғап шақырмайды алдан? Отырам сосын тұнжырап, сазарып өңім, Оқтаулы мылтық секілді атылмай қалған. Атыңды сенің айтамын ән қылып неге, "Қозым-ау" деші күлімдеп Баяндай маған. Тірлікті мынау, жаным-ай, мәңгілік деме, Ұйықтап кетсем бір күні, оянбай қалам...
А как ты думаешь, о чем песня "Атыңды сенің айтамын ән қылып неге" ?