ГлавнаяИсполнителиБакытбек & АйбекПопурри
название:

Попурри


автор:

Бакытбек & Айбек


рейтинг: ★★★★★ / 5.4 / 1364 просмотра
Жағасында ылайланған қайырлар
Онда мені жығып кеткен тайым бар.
Өмір бойы маңдайымнан шертпеген,
Онда мені еркелеткен ағатайым бар.

Алды-артына қарамады-ау сол жылдар,
Енді маған орамалын кім бұлғар?!
Тура қарай алматұғұн көзіме
Ондай менің кіп-кішкентай құрбым бар.
Жүрегімде айтылмаған, жазылмаған бір жыр бар.

Туа сала тағдырымыз қосылған,
Мен сөйлесем, сөзден қалып тосылған.
Мен дегенде жан беретін досым бар,
Мені патша-хан көретін досым бар...

... Мені де әлі құрттай бала санайтын,
Ондай менің қылымсыған жеңгем бар.
Онда менің қутыңдаған жездем бар...

Мені ауылым сен ұқпасаң кім ұғар?
Көкірегімде келер күннің нұры бар.
Мені мыңға балайтұғұн ағам бар,
Мені ұлыға санайтұғұн інім бар.
Қабағыма қарайтұғұн інім бар...

Мені даттап, өзін мақтап жүретін
Біреулердің болуы да, болуы да ықтимал...

Ел алдында бола алмаймын кінәлі,
Көңілімнің алып ұшқан құрағы-ау.
Қалаша боп алсақ тағы бұл күнде,
Көңіл шіркін даланы аңсап тұрады-ау...
Қалаша боп түзесек те жүрісті,
Достым мені қалалық деп таныма!
Жусан иісі сіңіп қалған,
Сіңіп қалған қаныма...

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Попурри" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен