ГлавнаяИсполнителиМұқағали МақатаевЕсіңе мені алғайсың!
название:

Есіңе мені алғайсың!


автор:

Мұқағали Мақатаев


рейтинг: ★★★★★ / 4.6 / 590 просмотров
Нұр жауып тұрған көктемде
Гүл тере барсаң бөктерге
Қоңыраулатқан аспанды
Найзағай шаншып өткенде
Есіңе мені алғайсың
Қоңыраулатқан аспанды
Найзағай шаншып өткенде
Есіңе мені алғайсың

Қазбауыр бұлттар маңғанда
Орманға жазда барғанда
Арманда мені арманда
Онаша жалгыз калганда
Есіңе мені алғайсың

Арманда жаным арманда
Жок деген созге алданба
Есіңе мені алғайсың

Қараша келген шақтарда
Құлазып тұрған бақтарда
Жапырақ жайрап жатқанда
Құрайлар сыңси қаққанда
Есіңе мені алғайсың
Жапырақ жайрап жатқанда
Құрайлар сыңси қаққанда
Есіңе мені алғайсың
Ақ ұлпа жерді жапқанда
Ағаштар сырға таққанда
Бозарып атқан ақ таңда
Бозарып тұрып ақпанда
Есіңе мені алғайсың

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Есіңе мені алғайсың!" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен