ГлавнаяИсполнителиДосымжан ТаңатаровБiз екеуміз
название:

Бiз екеуміз


автор:

Досымжан Таңатаров


рейтинг: ★★★★★ / 5.4 / 1444 просмотра
Қалықтап ақ қанат ақ қар,
Сыртыңдап мүлгиді бақтар
Кең далам құшағын жайып,
Есімде қауышқан шақтар.

Мөлдіреп жұлдыздай көзің,
Жүректі тербетті сезім.
Біз екеуміз,біз екеуміз,
Қауыз жарған гүл екенбіз!

Жастықтың жан сырын ашқан,
Нұрланған айлы түн аспан.
Мейірбан пәктігін жырлап,
Сен болып көңілім тасқан!

Жол тапқан жүрекке терең,
Айқабақ сұлуым сен ең!
Алғашқы махаббат отын,
Сәулем-ай сағынып келем!

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Бiз екеуміз" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен