ГлавнаяИсполнителиСерік АқсұңқарұлыҚасқырдың монологы (Аян Отепберген)
название:

Қасқырдың монологы (Аян Отепберген)


автор:

Серік Ақсұңқарұлы


рейтинг: ★★★★★ / 4.6 / 637 просмотров
Жек көрем итті!
Алысып жүрем,
Шабысым жүрем!
Қағынып…
Сайын даланың тағысымын – мен,
Не деген ғажап – тағылық!
Шауып түсемін!
Күш ағысымды
Сыйғыза алмай ішіме.
Адамның алмас пышағы сынды
Ырзамын азу тісіме!
Қасқыр – бабалар!
Бар ұлыстардың
Мазасын алып манадан –
Иттермен болған қанды ұрыстардың
Иісін сезем даладан.
Қаңқу сөз жүрек кегін үрлейді,
Қорлық-қарғысқа барабар.
Бізбенен иттің тегі – бір дейді…
Рас па, қасқыр – бабалар?!
Өлексе үшін жұлысқан болсақ,
Өмірі бітпей кегіміз,
Иттермен бірге туысқан болсақ,
Не болды – ата тегіміз?!
Ала төбеттің астында қалар,
Күн туғаны ма ақыры…
Неге үндемейсіңдер, қасқыр-бабалар,
Қағынып кеткен жатыры?!
Неге үндемейсіңдер?
Ұрлық түн еді:
Жатқаным мынау – жау іші.
Аспанның астын дүрліктіреді,
Үрген иттердің дауысы…

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Қасқырдың монологы (Аян Отепберген)" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен