ГлавнаяИсполнителиAikynАлтыным менің
название:

Алтыным менің


автор:

Aikyn


рейтинг: ★★★★★ / 5.2 / 1179 просмотров
Қарагөз ең алғашқы сүйген қызым,
Көктемім, жазым менің, күзім, қысым.
Армандап жыл мезгілін қалай күтсем,
Олда менің көптен күткен аққу құсым!

Қалап ем махаббаттың қалам-қасын,
Қолдан ұшты қанатты қарлығашым!
Аймалап аялаған күндерімді
Қалайша сен есіңнен шығарасың!?

Қайырмасы:
Алтыным менің!
Кете бардың, амалым жоқ қала бердім.
Жүрегім кеудеме сымайды-ау,
Сол менің жүрегімді қинайды.
Алтыным менің!
Кете бардың, амалым жоқ қала бердім.
Жүрегім кеудеме сымайды-ау,
Сол менің жүрегімді қинайды.
Алтыным!

Күте,күте сарғайдым хаттарыңды
Сағынышым жыр болып ақтарылды.
Мен ғана жалғыз сені сағынатын,
Ойлап тұрсам осы бір шақтарыңды

Ұмыттың ба жастықтың көп күндерін!?
Сол жылы алма-ағаштар көп гүлдеді.
Сол жылы көрші үйдің баласына
Мәңгілікке айырбастап кеттің мені!?

Қайырмасы:

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Алтыным менің" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен