ГлавнаяИсполнителиНеизвестен«Өлі балық жолығар өлмегенге»
название:

«Өлі балық жолығар өлмегенге»


автор:

Неизвестен


рейтинг: ★★★★★ / 5.5 / 1472 просмотра
«Өлі балық жолығар өлмегенге», 
Өлмегенге не жетсін, өлмегенге! 
Өмір деген осындай, жаным менің, 
Қайтер едік, өмірге келмегенде?!

Қайтер едік, өмірге келмегенде, 
Көнеміз ғой, қайтеміз көнбегенде?!
Төземіз ғой, қайтеміз төзбегенде,
Көлден тамшы бұйырмас шөлдегенде.

Не де болса, тәуекел, тең көреміз, 
Әкел бері қайғыны тең бөлеміз! 
Бірімізге-біріміз дем берейік, 
Бір арбаның астында дөңгелейік.

Қақ бөлейік қайғыны, 
Келісеміз. 
Алауын да, уын да тең ішеміз. 
Кезбе бақыт кездесіп қалса бізге, 
Тепе-тең ғып біз үшке тең бөлеміз!

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "«Өлі балық жолығар өлмегенге»" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен