ГлавнаяИсполнителиЕркін НұржановКеш менi
название:

Кеш менi


автор:

Еркін Нұржанов


рейтинг: ★★★★★ / 5.4 / 1397 просмотров
Сүрінген құлагер ем, жылаған жаным қоса
Алдыңда тұра берем, не керек бәрін жаса.
Жанымды қашқан жігер түйіп-ап орамалға,
Тереңге тастап жібер, соңғы рет қарап ал да.
Жанымды қашқан жігер түйіп-ап орамалға,
Тереңге тастап жібер, соңғы рет қарап ал да.

Өр кеуде жанды биік көндіріп мазағыңа,
Жатайын мәңгі күйіп сен тартқан азабыңда.
Дүние кең шағында не кірді арамызға?
Осынау жер шарында екеуміз ғанамыз ба?
Дүние кең шағында не кірді арамызға?
Осынау жер шарында екеуміз ғанамыз ба?

Бұрқанса байыпты күн дауылын шегерер ме?
Алдыңда айыптымын жаным-ау сөге берме.
Жарқ етсе сөнген ізгі ой жойылар өкпе-нала,
Баріміз пендеміз ғой, періште көкте ғана.
Жарқ етсе сөнген ізгі ой жойылар өкпе-нала,
Баріміз пендеміз ғой, періште көкте ғана.
Қайда сол көктем кеші, балқитын күшімен бой?
Өтінем кектенбеші өкпеңді түсінем ғой…

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Кеш менi" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен