ГлавнаяИсполнителиҒалымжан МолданазарСағым
название:

Сағым


автор:

Ғалымжан Молданазар


рейтинг: ★★★★★ / 5.4 / 1384 просмотра
САҒЫМ

Арманнан арманға
Адасып барам ба, 
Алыстап қалғам ба 
Мен өзімнен?
Бағынтып жағдайды
Төбемнен қараймын
Әлсіздік алған ба 
Тұла бойды?

Жолымнан тайдырма,
Бағымнан айырма, 
Жаманға, арамға 
Жақындатпа, қарайла.
Жаныма шыдам бер,
Үмітке сенім бер,
Жалынам, қарайла!

Айналдың сағымға
Мен үшін, арманым.
Айналдың сағымға
Мен үшін арманым.

Тұманды жолыма 
Сенімсіз қалдым ба,
Әр басқан қадамға күдік туып,
Жетермін арманға
Күн туар бір таңда
Шаршама, тоқтама
Сағынсаңда... 

Жолымнан тайдырма
Бағымнан айырма 
Жаманға арамға 
Жақындатпа, қарайла
Жаныма шыдам бер
Үмітке сенім бер
Жалынам, қарайла

Айналдың сағымға
Мен үшін арманым
Айналдың сағымға
Мен үшін арманым

Арманнан арманға,
Адасып барам ба 
Алыстап қалғам ба 
Мен өзімнен...

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Сағым" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен