ГлавнаяИсполнителиЖигер Ауыпбаев M'MENХат жазып тур
название:

Хат жазып тур


автор:

Жигер Ауыпбаев M'MEN


рейтинг: ★★★★★ / 5.4 / 1367 просмотров
"Хат жазып тұр"
 әні;}Жигер Ауыпбаев
 сөзі;}Болатбек Оразбаев
        }Жигер Ауыпбаев

 1)Екеуміз қол ұстасып,
 Келеміз қырды асып,
 Темір жол козге корінді.
 Қыймастықпен қоштасып,
 Жанардан тамшы бөлінді.

 Соңғы сөз,соңғы тілек,
 Дүрсілдеген бұл жүрек,
 Уақыттан оза соғуда.
 Достарым ақ жол тілеп,
 Қоштасып,қолын созуда.
 Қ-СЫ
 Хат жазуды ұмытпа,
 Арамызды суытпай,
 Үміттің гүлі солмасын,
 Күтуден көзің талмасын.
 Хат жазып тұр,хат жазып,
 Бар шеріңді ақтарып,
 Сезімге сезім жалғассын,
 Махаббат оты лауласын.

 2)Арамыз алшақтады,
 Балауса бал шақтағы,
 Бір жүрген кезді сағындым.
 Жырақта болсақтағы,
 Жылуы сенсің жанымның.

 Зарығып аңсап талып,
 Мөлдір мұң моншақ тағып,
 Ескегін куннің естіңбе?
 Күт мені жүрегіңді,
 Сыйламай жаным ешкімге.
 Қ-СЫ

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Хат жазып тур" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен