ГлавнаяИсполнителиНеизвестенҚарағым-ай қанбаймын қылығыңа
название:

Қарағым-ай қанбаймын қылығыңа


автор:

Неизвестен


рейтинг: ★★★★★ / 5.2 / 1158 просмотров
Қарағым-ай қанбаймын қылығыңа
Ғашық еттің еріксіз жылуңа
Қос жанарың байланып қалдым екен
Толқыған бұрымыңа
Амалсыздан шөлдедім шырыныңа
Жүрегіме қарашы сұнығына
Дамыл таппай алқынған асау жүрек
Іліндік құрығыңа.

Қарағым-ай ерке маралым-ай
Еліктеді жанымды жанарың-ай
Қарағым-ай қимай қарадым-ай
Жалыныңа өртеніп барамын-ай

Сүйкімдісің ұқсайсың балапанға
Сені ойлаумен жетемін алатаңға
Дәл өзіңдей сұлуды періштедей
Жаратқан жаратар ма
Еркелігің ұнаған бар адамға
Көгершінім қонсаңшы алақанға
Жұлдыздардан берейін алқа тағып
Шығарып алатауға

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Қарағым-ай қанбаймын қылығыңа" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен