ГлавнаяИсполнителиAikynСағыныш
название:

Сағыныш


автор:

Aikyn


рейтинг: ★★★★★ / 4.8 / 769 просмотров
Қанша арман еткеніммен, жоғалттым сені мүлде,
Көзімнен кеткеніңмен, жүрсің ғой көңілімде.
Сыры бар сезбес пенде, айналдық танымасқа,
Қайтадан кездескенде, болар ма еді бәрі басқа?!

Қайырмасы:

Көнерсің күйгеніңе,
Тағдырмен егесе алмай.
Қоспайтын сүйгеніңе,
Бұл өмір неге сондай?!
Махаббат мағынасын,
Таба алмай кезіп жүрмін.
Сен мені сағынасың,
Мен оны сезіп жүрмін.

Жадымда бейнең әлі, үмітім мың гүлдеді,
Қайтадан кейде бәрі, келердей бір күндері.
Биікке самғап ағым, кеудемде ән ойнасын,
Сындырып алма, жаным, бақыттың шарайнасын.

Қайырмасы:

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Сағыныш" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен