ГлавнаяИсполнителиЖакау & MaratОте шыгар омiр
название:

Оте шыгар омiр


автор:

Жакау & Marat


рейтинг: ★★★★★ / 5.5 / 1490 просмотров
1. Адамға ең бірінші өмір керек,
 Содан соң көтеріңкі көңіл керек.
 Анадан адам болып туылған соң,
 Махаббат бір күн емес, мәңгі керек.

2. Өмірдің жарқын кезеңі
 Жалындаған жастық шақ
 Жас өмірдің өзегі аяулаған МАХАББАТ!

3. Махаббат өмірдің гүлі,
 Махаббат жүректің үні.
 Махаббат табиғат заңы,
 Оны білмеген даланың аңы!

4. Бір көргеннен ғашық болдым мен саған,
 Содан бері айлар өтті аңсаған.
 Сенші маған, келші маған арманым,
 Сенің бейнең артық маған басқадан!

5. Аңсаймын сені, іздеймін,
 Елестетіп нұрлы жүзінді.
 Аялап арман жанымды,
 Үміттің жібін үзбедім.

6. Ғашығым, арманым, тірегім
 Тек сен деп соғады жүрегім.
 Бір тәулік уақыттың ішінде,
 Тек сені ойлаумен өтемін.

7. Сүйгенді сүй.
 Сүймегенге жалын ба.
 Сүйем деген адамның
 Көңілін қалдырма.
 8. Армансыз адам бола ма?
 Арманға көңіл тола ма?
 Өзіңді сүйген адамды,
 Сүймеуге тағы бола ма?

9. Өзің сүйген адамын
 Өр көкірек болмасын
 Шын дос болған адамың
 Екі сөзді болмасын.

10. Сөз соңында тілерім
 Таза болсын жүрегін
 Лаулай берсін жас жүрек.
 Осы менің тілегім!!!

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Оте шыгар омiр" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен