ГлавнаяИсполнителиНеизвестенҰлы дала қыраным
название:

Ұлы дала қыраным


автор:

Неизвестен


рейтинг: ★★★★★ / 4.7 / 673 просмотра
Ұлы дала қыраным
Атамекен тұрағым
Үш арысым үш жүзім
Мәңгі өшпейтін шырағым
Аталы сөз арлы сөз
Ата заңы байланды
Тамыр жайып таңбалар
Бәйтерекке айналды
Үш арысым бір атадан жаралған
Өсіп-өнген қазақ дейтін қара орман
Тегін тектен жеті атадан қайырып
Үш жұрт болып қайту үшін жаралған
Ақ Арысым ақиқатқа жақ болсын
Бек Арысым бекем сөйлеп бек болсын
Жан Арысым жан жағына сақ болып
Үш жүзіме үйіріліп бақ қонсын
Ұлы жүзім құнарым
Орта жүзім жыр-әнім
Кіші жүзім қыраным
Айбынды алаш ұраным
Намыс тордан жаралған
Сәуле шашып таралған
Көксүңгімен үш қырлы
Аламын енші ғаламнан
Ақ тілеулі салтыммен
Ұя бұзбас қалпыммен
Қазақтың үш жүз деген баламасы
Шайқаған бір ананың шаранасы
Ошақтың үш тағаны нық орнаған
Қайнаған құт қазанда адал асы
Таң сәрі, тал түс, ақшам шыр айналған 
Толықсып тұтас тәулік шырайланған
Қауға қалам найзаны қатар ұстап
Өзгелердің қара мысын қайтарған
Ұлы жүзім құнарым
Орта жүзім жыр-әнім
Кіші жүзім қыраным
Айбынды алаш ұраным
Ұлы жүзім құнарым
Орта жүзім жыр-әнім
Кіші жүзім қыраным
Айбынды алаш ұраным
Аталы сөз арлы сөз
Ата заңы байланды
Тамыр жайып таңбалар
Бәйтерекке айналды
Салтанатты ғасырдың
Ұлы жүздің жасымын
Көк байрақты көтерген
Ұрпағымын асылдың
Ұлы жүзім құнарым
Орта жүзім жыр-әнім
Кіші жүзім қыраным
Айбынды алаш ұраным
Ұлы жүзім құнарым
Орта жүзім жыр-әнім
Кіші жүзім қыраным
Айбынды алаш ұраным

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Ұлы дала қыраным" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен