ГлавнаяИсполнителиНеизвестенТұлғаңды арманыма ұқсатқанмын
название:

Тұлғаңды арманыма ұқсатқанмын


автор:

Неизвестен


рейтинг: ★★★★★ / 5.5 / 1515 просмотров
Тұлғаңды арманыма ұқсатқанмын,
Үлгіңді көңіліме қыстатқанмын.
Есімде әліппені жаттатқызып,
Ең алғаш қолға қалам ұстатқаның.
 
Қайырмасы:
 
Ұстазым, менің ұстазым,
Өзіңмен өткен қыс-жазым.
Қалдырған ізің мәңгілік,
Жадымда тұрар жаңғырып,
Ұстазым, менің ұстазым!
 
Зердемді сен ашпасаң не етер едім?
Өмірден сыбағасыз өтер едім.
Ғажайып дүниенің сырын жайып,
Қияға қызықтырып жетеледің.
 
Қайырмасы:
 
Өзіңнен өмірге азық ала бердім,
Ұшырып мені алысқа қала бердің.
Бойымда отың кетті ұшқын атқан,
Келеді жана бергім, жана бергім!

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Тұлғаңды арманыма ұқсатқанмын" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен