ГлавнаяИсполнителиНеизвестенҚұстардың қайда базары
название:

Құстардың қайда базары


автор:

Неизвестен


рейтинг: ★★★★★ / 5.1 / 1147 просмотров
Құстардың қайда базары
Тарқаған түсіп ажары
Жаралы жүрек жадардай
Төмендеп теңіз назары
Бұлттардай жүзген ақ ала
Жападан жалғыз шағала
Қоштасқан қайран Аралмен
Қайғылы мұңды жағада

Қия алмай қанат қағады
Қона алмай ұшып барады
Мөлдіреп құстар жанары, Аралым
Ең алғаш сені көріп ем
Аққуды теңіз көгінен
Толмайтын орны - Өмір ең, Аралым

Жыл сайын көктем жетеді
Сені іздеп құстың мекені
Ұясыз қалған аққулар
Қона алмай ұшып өтеді
Айдыңды шалқар Аралым
Балалық шағым жанарым
Айдында жүзген құсың ем
Алыстап кетіп барамын

Қия алмай қанат қағады
Қона алмай ұшып барады
Мөлдіреп құстар жанары, Аралым
Ең алғаш сені көріп ем
Аққуды теңіз көгінен
Толмайтын орны - Өмір ең, Аралым

Қия алмай қанат қағады
Қона алмай ұшып барады
Мөлдіреп құстар жанары, Аралым
Ең алғаш сені көріп ем
Аққуды теңіз көгінен
Толмайтын орны - Өмір ең, Аралым

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Құстардың қайда базары" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен