ГлавнаяИсполнителиНеизвестен1. ей қарындас айдай жүзді жамалың
название:

1. ей қарындас айдай жүзді жамалың


автор:

Неизвестен


рейтинг: ★★★★★ / 5.6 / 1579 просмотров
1. ей қарындас айдай жүзді жамалың
лағыл моншақ мөлдірейді жанарың
хат жазасың сырға толы сезіммен
жұмбақ жансың нәзік үнді маралым

күндіз түні қоңырауды шаласың
үндемейсің бос әуреге саласың
сағынышқа кірпігіңді малып ап
айтшы менен қандай бақыт табасың

қайырмасы:
ей қарындас ерке мінез балдай
үнің сенің сыңғыр күлкі жандай
жұлдыздарды сәуле талып сөйле
жүрегіңе телефонды жалғай
жұлдыздарды сәуле талып сөйле
жүрегіңе телефонды жалғай

2.арамызда сымсыз бейне қамалы
жанымызда бір үміт отты жанады
телефоным іңкәр лүпке толып тұр
көгершіндей қатар толып қанаты

қатарласып баяғыдай жүргендей
хабарласып шаршап түнде үндемей
маған ғашық болсан егер шынымен
телефонда тұрма енді үндемей

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "1. ей қарындас айдай жүзді жамалың" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен