ГлавнаяИсполнителиЖанат ЖолдасоваӘке туралы жыр(Замана студиясы)
название:

Әке туралы жыр(Замана студиясы)


автор:

Жанат Жолдасова


рейтинг: ★★★★★ / 5.2 / 1177 просмотров
Жас едім өмірге еркін бойламаған
Күні ертең не боларын ойламаған
Шарықтап кетсем
Дағы қанат қағып
Өзіңдей қамқор әке қайда маған
Шарықтап кетсем
Дағы қанат қағып
Өзіңдей қамқор әке қайда маған

Жан әке, шертіп сезіп
Домбырасын
Кеудемді қуанышқа толтырасың
Арманның асқарына құлаш ұрсам
Алдымда асқар тау боп
Сен тұрасың
Арманның асқарына құлаш ұрсам
Алдымда асқар тау боп
Сен тұрасың

Бұл күнде мен де
Өзеннің арнасымын
Кім мөлдір болса
соның жолдасымын
Қуан сен, қуана бер, әкетайым
Мен сенің өміріңнің жалғасымын
Қуан сен, қуана бер, әкетайым
Мен сенің өміріңнің жалғасымын

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Әке туралы жыр(Замана студиясы)" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен