ГлавнаяИсполнителиНеизвестенКөк жүзінде барады қаздар қайтып
название:

Көк жүзінде барады қаздар қайтып


автор:

Неизвестен


рейтинг: ★★★★★ / 4.9 / 924 просмотра
Көк жүзінде барады қаздар қайтып
Күндер солай өтеді шалқып, шалқып

Сағыныш қой
Сағыныш қой
Сарала жапырақтар
Жақсылықтың жолында
Жатқан балқып
Жақсылықтың жолында
Жатқан балқып

Ақ қайыңдар, қалады дір-дір етіп
Жанымызды бір кезде күлдіретін

Жазғы бақта
Жазғы бақта
Саулайды жапырақтар
Өз өмірін соңғы рет
Бір жыр етіп
Өз өмірін соңғы рет
Бір жыр етіп

Жайнап тұрған кешегі күн ескіріп
Қара суық хабары тұр естіліп

Қаздар ұшып
Қаздар ұшып
Барады оралмайтын
Қанатына
Көктемді ілестіріп
Қанатына
Көктемді ілестіріп

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Көк жүзінде барады қаздар қайтып" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен